"РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР-2023"
2023 жылдың 25-26 наурыз аралығында Түркістан қаласында әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушылары арасында "Пневматикалық винтовкадан ату" бойынша республикалық турнир өткізілді.Тұңғыш рет өткізілген дүбірлі додаға еліміздің Алматы, Ақтөбе,Абай, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Қарағанды, СҚО, Ұлытау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан ұстаздар қатысты. Осы жарыста Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің АӘ және ТД пәні ұйымдастырушы-оқытушысы Динахметов Жомарт Карасайұлы қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді және «Үздік АӘД пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.