ҚКТЖК » Жаңалықтар » «17 НАУРЫЗ-ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ»

«17 НАУРЫЗ-ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының 10.03.2023 жылғы №04-01/1140 санды хатына сәйкес 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында  17 наурыз-«Тарихқа тағзым күніне» орай топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Тарихқа тағзым-болашаққа бағдар» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты-білім ордасында білім алып жүрген студенттердің санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды ұлттық рухпен тәрбиелеу, сондай-ақ тарихын білуіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Шара барысында колледждің тарихы, оқу орнының материалдық-техникалық базасы, перспективасы және  «Жас маман» жобасымен алынған құрал-жабдықтар таныстырылып, шолу жасады.


17 наурыз 2023 ж. 5