ҚКТЖК » Жаңалықтар » «16 НАУРЫЗ-ШЕЖІРЕ КҮНІ»

«16 НАУРЫЗ-ШЕЖІРЕ КҮНІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының 10.03.2023 жылғы №04-01/1140 санды хатына сәйкес 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында 16 наурыз-«Шежіре күніне» орай В-22/9 тбоының /топ жетекшісі Г.Досекеева/ ұйымдастыруымен студенттерге отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресін тарату мақсатында  «Менің шежірем...!» атты таным сағаты өткізілді.  Шарада студенттер тақырыпқа сай көрініс көрсетіп, ән  айтты. Әр бала өзінің жеті атасын айтып, ұрпақтар сабақтастығы орын алды. Кешке қатысқан ата-аналар мен студенттер Наурыз көжеден дәм татып, жастарға ағалардың батасы берілді.




16 наурыз 2023 ж. 1