"Физикалық Бинго"
"Жаратылыс тану ғылымы- таңғажайыптар сырының кілті" атты нақты ғылымдар апталығының жоспарына сәйкес 26 сәуір күні физика пәнінен пән оқытушылары Бисенова Мирамкүл және Төрехан Айгерімнің ұйымдастыруымен "Физикалық Бинго" интеллектуалдық ойыны колледж кітапханасында өткізілді. Ойын барысында лотореялық билеттер таратылды, билет 3 амалдан тұрады: логикалық сұрақтар, физикалық жұмбақтар мен мақал-мәтелдер және лабораториялық тәжірибелер жүргізілді. Ойын арасында сергіту сәті ретінде көрермендергеде сұрақтар қойылды.