СУИЦИД-РУХАНИ ДЕРТ.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде В-22/9 «Вагон жөндеу слесары» тобында топ жетекшісі Г. Досекеева мен колледж психологы А. Таңжановтың ұйымдастыруымен «Суицид-рухани дерт» тақырбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау сияқты мәселелер студенттерге презентация /видеокөрініс/ арқылы таныстырылды және тренинг ұйымдастырылды.