Жаңа жылдық құттықтау!

Ескі жылда есіркеді, енді Жаратқан жаңа жылда жарылқасын! Қоян жылы бағымен, табыс деген тағымен, денсаулық деген бабымен келсін!
Қоян жылында басымызға бақ қонып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Келіп жеткен 2023 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар тілеймін!
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Ізгі ниетпен, колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы.
