"ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН-ТӘУЕЛСІЗДІК!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ЛЖС-22/9 тобында топ жетекшісі Ә.Ибайдуллаеваның ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты-студенттерді Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады.


