ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ-САНАЛЫ ҰРПАҚ"

"ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ-САНАЛЫ ҰРПАҚ"

«Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады» деп Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасында» айтқанындай, ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі белгілі, соның ішінде ұлттық тәрбие құндылықтарын жүзеге асыру тәрбиедегі басты бағытымыз болуы керек. Қазақта «білім мен тәрбие-егіз» деген сөз бар. Дана халқымыз жастарға жақсы білім беру үшін тәрбие беру мәселесін басты назарда ұстау қажеттілігін ертеден білген және оны терең түсінген. Ұлағатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу-аса жауапты, әрі күрделі міндет. Осы орайда,  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Ұлт болашағы: кемел елдің кепілі-саналы ұрпақ тәрбиесі» атты өнеге сағаты болып өтті.  Іс-шараның мақсаты-рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, парасатты, адал ниетті азаматтар тұлғасын тәрбиелеу және қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алу болып табылады. Кеш қонақтары «Қазақ тілі» қоғамы  қоғамдық бірлестігінің төрайымы,  «Жоғары дәрежелі «Қазақ тілі»  медалінің  иегері Н.Әшірова,  «Қазалының құрметті ардагері» төсбелгісінің иегері Ұ.Рашова,         ҚР Білім беру ісінің үздігі Н.Момбек, колледжішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Айтбаева, «Ұстаз ұлағаты» төсбелгісінің иегері Қ.Асаубаевалар және ата-аналар қауымы ұлт болашағы, ұлттық құндылық туралы ой өрбітіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  Кешті қорытындылаған   колледж директоры Б.Ахметов қонақтар мен ата-аналар қауымына алғысын жеткізіп, білім алушылардың өнеріне оң бағасын берді.  Өнеге сағатын ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева тәуелсіздігіміздің тірегі, егеменді еліміздің ертеңі  білімді, тәрбиелі ұрпаққа  асыл мұрат, отбасыларына аманшылық тіледі.





25 қараша 2022 ж. 72