ҚКТЖК » Жаңалықтар » "КЕШЕГІ ТҮЛЕК-БҮГІНГІ ЕЛ МАҚТАНЫШЫ"

"КЕШЕГІ ТҮЛЕК-БҮГІНГІ ЕЛ МАҚТАНЫШЫ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде республикалық «Жоғары лига» Жайдарман ойынында жүлделі орын жеңімпазы "Қазалы құрамасы" жігіттерімен кездесу болып өтті. 
«Жайдарман»-жастарды  өнер әлеміне жетелейтін, киелі сахнада қадам басуына жол ашатын мүмкіндік алаңы.
Өнер додасында топ жарып, қасиетті Қазалы жерін елге танытуда «Қазалы құрамасы» жайдарман командасының орны ерекше, мәртебесі мерейлі. Алғаш 2010 жылы құрылған "Эвалюшн" жайдарманшылары /команда капитаны Г.Шиповских/ аудан, облыс  көлемінде ойып орын алды. 
Команданың белсенді мүшелері колледждің 2017 жылғы түлегі Қайырбай Руслан мен 2018 жылғы түлегі Абдулла Бекарыс біздің мақтаныштарымыз!Жайдарманшы жігіттердің колледж қабырғасында білім ала жүріп, Қазақстанның Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Баянауыл, Кереку, Қызылорда т.б. сынды қалаларында іс-сапарға баруына қаржылық көмек көрсетіп, әрдайым жетістікке жетуіне шыңдалуларына себепші болып, ағалық қамқорлық көрсеткен Болатбек Ахметовке ағыстары шексіз!  Өнер жолындағы қырандарымызға шығармашылық ізденістер, өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!

15 қараша 2022 ж. 38