Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25 қазан-Республика күніне орай тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Менің арманымдағы Қазақстан! " тақырыбында I-II курс студенттері арасында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты-білім алушылардың туған жерін, Отанын сүюге , егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай еске алып отыруға тәрбиелеу болып табылады.