ДЕМОЕМТИХАН-КОНДИТЕР

2021-2022 оқу жылында оқуды бітіруші топтар арасында біліктілік емтихан нысандарының жаңа форматындағы демонстрациялық емтихан өткізілуін колледж директоры Болатбек Әбиұлы 0508000«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы , «Кондитер» құзыреттілігі бойынша -7 студент іріктеліп заңдылығына сәйкес өтуін атап өткен болатын.
Демонстрациялық емтиханға жоспар құру, даярлау, өткізу және сарапшы – ұйымдастырушы болып директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ахметова Анарға жауапкершілікпен тапсырды. Демоемтиханға дайындық жабдықтың техникалық күйіне және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника ережелері мен нормаларының сақталуына жауаптылықтан басталып, аталған құзыреттілік бойынша техникалық сарапшы әлеуметтік серіктестіктен Нұрбаева Альбина, «Аспаз ісі»құзыреттілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Танабергенова Жақсыгүл,бағалау құжаттамасының жиынтығын әзірлеуге және алаңның жабдықталуына жауапты болып арнайы пән оқытушысы Роза Ерниязоваға тапсырылған болатын.Нәтижесінде 90 топ студенттерінен сараланып шыққан жеті студент жақсы бағаларын алып IV разрядтағы біліктіліктерін қорғап шықты.