БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РОЛІ.

Қазақстан РеспубликасыКонституциясының 27 бабында:«Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілгеніндей, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ата-ананың міндеті жоғары.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіндеколледжішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» атты жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста колледж директоры Б.Ахметов 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарға есеп беріп, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысымен орын алған қылмыстар және олардың алдын алу туралы айтса, ата-аналар кеңесінің төрағасы Б.Айтбаева «бала тәрбиесі-басқа мамандықтардың санатына қосылатын негізгі, үлкен мамандық» екенін айтты.



