Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 26 маусым-Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай валеология пәнінің оқытушылары Г.Рахманберди мен А.Таңжанов «Синтетикалық есірткінің таралу проблемалары және дәріханалық нашақорлық» тақырыбында шара ұйымдастырып, нашақорлықтың салдары туралы түрлі видео роликтер мен қысқа метражды фильмдер көрсетті. Ғасыр індетімен қазір төрткүл дүние жұмыла күресуде. Дегенмен, ол жыл санап көптеген жанның санасын улауда. Сондықтан, осындай шараларды өткізудің маңызы орасан. Өйткені, жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыруымыз керек.