ҚКТЖК » Жаңалықтар » "БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!"

"БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 маусым-Балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз!» атты балалар күніне арналған мерекелік шара болып өтті.
1 маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып аталып өтеді, бұл күнді атап өту арқылы, балаларға жақсы көңіл күй сыйлай аламыз. Бұл мерекені атап өту Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жыл сайынғы дәстүрге айналған. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Б.Ахметов  бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады. Мерекеге колледж инженер-педагогтарының балалары қатысып, керемет көңіл-күйде шараны тамашалады. Бүлдіршіндерге түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылып, колледж кәсіподақ комитеті атынан тәттілер, балмұздақтар мен  ойыншықтар таратылды.




01 маусым 2022 ж. 123