ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ИММУНДАУ ҚОРҒАЙДЫ" САҒАТЫ

"ИММУНДАУ ҚОРҒАЙДЫ" САҒАТЫ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде студенттерге вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сұранысты арттыру, екпе жасатуға сенімді көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Иммундау қорғайды!» атты таным сағаты болып өтті. Кеш қонақтары  Қазалы аудандық теміржол емханасының терапевті Г.Сейтнесепова,  Теміржол емханасының егу мейіркеші Г.Мұстафаева мен колледж мейіркеші А.Аймандар  жұқпалы ауруларға  қарсы алдын ала егулер баланың дүниеге келген уақытынан бастап ересектердің 56 жасқа дейінгі аралықтарында кестеге сәйкес жүргізілетіндігін, сонымен қатар қазіргі ата-аналардың барлығы дерлік біліп, алайда, екпе жасатпас бұрын, олардың көбінде күмән туа бастайтыны жасырын еместігін, ескерте отырып, жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

28 сәуір 2022 ж. 110