Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Кітап-адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай "Кітап- сарқылмас рухани қазына" тақырыбында колледж кітапханашысы С.Сугурова ұйымдастырған таным сағатын назарларыңызға ұсынамыз.