Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2022-2023 оқу жылына мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу және талапкерлер қабылдау мақсатында кестеге сәйкес ашық есік күні өткізілуде. Бүгін Әйтеке би кентіндегі №204 мектеп және Қазалы қаласындағы №95 мектеп оқушылары оқу орнының "Жас маман" жобасы бойынша алынған құрал-жабдықтарымен танысты. Колледж директоры Б.Ахметов колледждің материалдық-техникалық базасында студенттер қолымен дайындалған шеберхана өнімдерімен таныстырып, талапкерлермен сұхбаттасты.