![]()
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 4 сәуір-Халықаралық интернет күніне арналған «Қауіпсіз Интернет» іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушылары Л.Түктібаева, А.Терекбаеваның ұйымдастыруымен ЭЕТ-20/9 тобында «Адам және ғаламтор» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы берілген мәліметтер, көрсетілген видеолар білім алушылардың қызу пікірталасына ұласты. Аталған іс-шараға директордың ақпараттық технология жөніндегі орынбасары М.Ахай, колледж кітапханашысы С.Сугурова қатысып, өз ойларын ортаға салды.