Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2022-2023 оқу жылына мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу және талапкерлер қабылдау мақсатында кестеге сәйкес ашық есік күні болып өтті. Әйтеке би кентіндегі №165 мектеп және Қазалы қаласындағы №17 мектеп оқушылары оқу орнының "Жас маман" жобасы бойынша алынған құрал-жабдықтарымен танысып, материалдық-техникалық базасында студенттер қолымен дайындалған шеберхана өнімдерімен танысты.