Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талантты жастарды анықтау мақсатында өткізілген көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы аудандық байқауында жоғарғы дәрежелі өнер көрсеткен үшін Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ІІІ курс студенті Елубаева Мереке ІІ орын иеленді. Жетекшісі-Әліпбаева Фариза Жанәбілқызы. Жеңісті күндерің көп болсын, Мереке!