Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі 14 "Техник-электромеханик" тобының студенті Оразғали Бекарыс қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі-Төлегенов Сұлтанғазы. Жеңісің құтты болсын, Бекарыс!