Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 16 наурыз-«Шежіре күніне» орай қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен студенттерге отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі тарату мақсатында «Алтын баба ұрпақтары» атты таным сағаты өткізілді. Таным сағатында тақырыпқа сай көрініс көрсетіліп, әндер айтылды. Кешке колледж ұстаздары мен студенттері қатысып, наурыз көжеден дәм татып, жастарға ағалардың батасы берілді.