ҚКТЖК » Жаңалықтар » "АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ"

"АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен 14 Наурыз- Көрісу күні мерекесі аталып өтті. Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14  Наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Бірлестіктің оқытушылары мен студенттері бірлесе "Көрісу" қойылымын қойып, ән-күйден шашу шашылды. Ауылдың алтыауызы мен қонақкәде айтылды. Дастарқаннан дәм ауыз тиген қонақтар,  бата беріп, ас қайырды.







14 наурыз 2022 ж. 184