ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН...

ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН...

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 8 наурыз-Халықаралық
әйелдер мерекесі қарсаңында  "Қыз сұлу көрінеді қылығымен..." атты өнеге сағаты болып өтті. Қыз баланың бойында ибалылық, ұяңдық, нәзіктік қасиеттерін сіңіре отырып, оларға психологиялык дағдарыста комектесу, сырласу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Қазалы аудандық Жастар денсаулығы бөлімінің  дәрігері Ә.Алиева мен Қазалы аудандық теміржол емханасының психологы Р.Мамбеталиевалар тақырыпқа орай дәріс оқып, түрлі тренингтер өткізсе, колледж мейіркеші А.Айман "Ерте жүктіліктің әсері қандай?" тақырыбында баяндама жасады. Өнеге сағатын ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қыз баланың қоғамдағы рөлі туралы айтып,  аруларымызды
мерекемен құттықтады.



05 наурыз 2022 ж. 160