Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген кәсіптік сала ардагері С.Дүзбайдың 65 жылдығына арналған математика пәнінен аймақтық пән олимпиадасында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің Қ-21/9 тобының І курс студенті Жолмырза Жадыра 1 орын иеленді. Жетекшісі-Сапаев Жанарыс.