Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасында №15 "Тасымалдауды ұйымдастырушы техник" тобының жетекшісі Сартай Айгүлдің және кітапханашы С.Сугурованың ұйымдастыруымен Қазақтың бұлбұл қызы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Айналайын халқымнан еркелеткен" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.