«Үздік студент -2021»

III кезеңге I және II кезеңнен іріктеліп шыққан 14 студент білім сынағына «Өзін – өзі таныстыру», «Бізден –сауал, сізден –жауап», «Ғажайып ұяшықтар», «Ой.Арман. Мақсат» кезеңдері бойынша сайысқа түсті.
«Үздік студент -2021» интеллектуалды байқау нәтижесі бойынша, БАС ЖҮЛДЕ Қ-20/9 тобының студенті Билсары Сабыржан, I орын – Қ-20/9 тобының студенті Тельман Нұрасыл, II орын – ЛЖС-21/9 тобының студенті Төрехан Айдын, II орын – АТБ-21/11 тобының студенті Абдулла Аружан, III орын – ЛЖС-21/11 тобының студенті Кеңес Асан иеленді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар (ноутбук, теледидар, екі ұялы телефон, электр термос) табысталды.





