ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ТӘУЕЛСІЗДІК-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ»

«ТӘУЕЛСІЗДІК-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
      Көрменің мақсаты-Ұлы Дала тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. 
Кітап көрмесіне «Тәуелсіздіктің ақ таңымен бірге Қазақстанға 25 жыл» энциклопедиялық кітабы, «Қазақстан және әлем елдері», «Менің Қазақстаным», «Тәуелсіздік толғауы», ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев. «Қызмет хроникасы», «Тарих толқынында», «В потоке истории», «На пороге ХХІ века» т.б. кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. 


07 желтоқсан 2021 ж. 198