ҚКТЖК » Жаңалықтар » ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

"Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының бастамасымен студенттерге арналған жатақханаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Негізінен, әлеуметтік нысандардың сапасы, жағдайы, қыс маусымына дайындығы қаралды.
Тексеру тобының құрамында депутаттар, бастауыш ұйым төрағалары мен "Jas Otan" жастар қанатының жетекшісі бар.
Мониторинг алдымен Әйтеке би кентіндегі Көлік -техникалық жоғары колледжінде басталды. Мұндағы жатақхана 100 орындық. Студенттердің сабақ оқып, демалуына толық жағдай жасалған. Колледж басшылығы алдағы уақытта ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Жатақхана демалыс орны, оқу залы, жуыну бөлмесі т.б қажеттіліктермен жабдықталған.  Қазіргі таңда барлық студент үшін жағдай жасалды. Студенттер үшін кір жуатын бөлме, дәмхана, асхана, оқу залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жуыну бөлмесі бар. Пандемия бітіп, оқу дәстүрлі түрде жалғасатын болса, біз студенттерді қабылдауға дайынбыз», - дейді колледж директоры Б.Ахметов
23 қазан 2020 ж. 470