Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Көк жүзіне алаулы, міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, кәсібіңе сай болу»
«Көк жүзіне алаулы, міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, кәсібіңе сай болу»
Апталықтың екінші күнінде «Көк жүзіне алаулы, міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, кәсібіңе сай болу» атты тренинг болып өтті. Тренингті өндірістік оқу шебері Мұхашова Ләззат Бектайқызы өткізді. Тренингке №78, 85, 15 топтардың студенттерімен колледждің арнаулы пән оқытушылары қатысты. Тренинг 5 кезеңнен тұрды, онда теміржол мамандықтарын ыммен, іс-қимылмен көрсетіп, жұмбақ түрінде жасырылған мамандықтарды тауып, бір-бірлеріне бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, сыйлық жасап ұсынды.Тренингті колледждің оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ақниязов Мұхтар Молдабайұлы қорытындылады.