ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасында 08 ақпан күні тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен Әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты танымдық кеш өткізілді. Кешке «Әл-Фараби әлемі» атты кітап көрмесі койылды. №90 топ студенттері Әлдебай Назерке мен Елубаева Мереке «Атамекен» әнін орып, өндірістік оқу шебері Исмайлов Нұрсұлтан «Ерке сылқым» күйін тарту етті. №16 топ студенттері дайындаған «Ұшқан ұя Фараб – туған елім» атты көрініс койылды. №15 топ студенті Сапарғалиева Ұлжан «Әл Фараби мен Абайдың ұқсастығы туралы» баяндама жасады. Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары С.Ералы оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып кешті корытындылады.









08 ақпан 2020 ж. 719