ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 07.03.2018 жылы өткізілген «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешті ұйымдастырушы колледжіміздің ер инженер-педагогтары, барлық әйел инженер-педагогтарды және ардагер ұстаздарымызды құттықтау мақсатында концерттік қойылымдар қойылды.Колледжіміздің директоры Б. Ахметов ардагер ұстаздарды мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, әйел инженер-педагогтардың арасында жүлделі орын және сайыстарға белсене араласқан ұстаздарымызды құттықтады. Колледж директоры Б. Ахметов және колледж кәсіподақ төрайымы Л. Әдиева, ұстаздарымызға колледж тарапынан құрмет грамоталары және сыйлықтар табыс етілді. Колледждің жігіттер қауымы барлық әйел инженер-педагогтарына гүл шоқтарын сыйлады.




06 наурыз 2018 ж. 1 358