«Үйрене білуді үйренген кісіге игілік ұланғайыр»

Шеберлік сыныптың мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты, соңғы кездегі программалауға деген қызығушылықты арттыру.
Шеберлік сыныпқа өндірістік оқу шеберлері мен оқытушылар қатысты. Шеберлік сыныпта тренингтер ұйымдастырылып, электронды оқулық бағдарламасы TurboSite программасының тиімділігі, артықшылығы интернет желісін қажет етпейтіндігі, электронды оқулықтарды жеңіл, оңай және жылдам жасай алатындығы түсіндірілді және электронды оқулық жасап көрсетілді. Шеберлік сыныпты директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С. Нұралы қорытындылап, жақсы деген баға берілді.




