ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ғылым-капитан, іс-тәжірибе-жауынгер»

«Ғылым-капитан, іс-тәжірибе-жауынгер»

2019 жылдың 20 қараша күні «Білімдіден сөз тыңдасаң  күш тасыр, үйренгенді желге ұшырмай іске асыр» атты апталықтың үшінші күні физика пәні бойынша «Ғылым-капитан, іс-тәжірибе-жауынгер» атты физикалық  сайыс болып өтті. 
Сайысқа екі топ қатысты. Олар: «Жас физик»  және «Жас ғалым» топтары.
Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды.Атап айтсақ,
1. «Өткел» кезеңі (бұл кезеңде берілген шамаларды  бір-біріне сәйкестендіру керек).
2. «Белес» кезеңі (берілген тірек сөздер арқылы сұрақ құрастырып, ғалымдардың есімін табу керек).
3. «Бекет» кезеңі (физикалық құралдар беріледі, осы құралдардың атын, атқаратын қызметі туралы мәлімет беру).
4.«Қызықты үзіліс» (көрермендерге қазақтың байырғы өлшем бірліктеріне байланысты сұрақтар қойылады).
5. «Асу» кезеңі (көмекке келетін жұмбақтар жасырылады).
6. «Серпілу» кезеңі (көңілді көтеруге арналған сұрақтар қойылады).
Сайыс барысында №86 топ студенті Әбимолда Амандық «Бір физиктің махабабаты» атты өлең оқып берді. 
Колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нұралы Серік Ержанұлы сайысты қорытындылап, білімділігімен көзге түскен топ пен үздік ойыншыны атап өтті. «Жас физик» тобы жеңіске жетіп, үздік ойыншы бағамына №14 топ студенті Оразғали Бекарыс ие болды.
     







                       
20 қараша 2019 ж. 579