ҚКТЖК » Жаңалықтар » Колледжімізде қонақта

Колледжімізде қонақта

2019 жылы қараша айының 11 жұлдызында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Германия мемлекетінен келген неміс ұлтының өкілі, профессор Эрнст Фридрих Хармсен (Ernst-Freidrich Harmsen) қонақта болды. Мистер Эрнст колледжіміздің материалдық- техникалық базасымен танысып өтті. Колледж басшысы Б.Ахметов профессор Эрнстті колледж студентерімен таныстырып, үш тұғырлы тіл саясатының және жастарға қолдау жақсы көрсетілетінін айқындап, көрсете білді. Осы орайда, колледж студенттері оқып жатқан – дуальды оқыту жүйесі бойынша да шет ел ақпараттарымен бөлісті. Профессордың негізгі мақсаты – Қазалы ауданындағы жастарды қолдау жүйесін және жаңа қызметтерді дамыту және жастар орталығының қолданыстағы өнімдері мен қызметтерін жетілдіру болып табылады. 





11 қараша 2019 ж. 634