ҚКТЖК » Жаңалықтар » Колледжішілік қыздар жиналысы

Колледжішілік қыздар жиналысы

2019 жылы қазан айының 25 жұлдызында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Ерте жастағы  жүктіліктің алдын алу. Жыныстық қарым-қатынасты ерте жастан бастаудың зардаптары» тақырыбында «Кәусар» қыздар клубы мен колледж мейіркешінің ұйымдастыруымен колледжішілік қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа Қазалы ауданының «Жастар денсаулық орталығының» дәрігері Алиева А., темір жол емханасының психологы Далиева Ж. және акушер-гинеколог Жолжанова К. қатысты. Мамандар студенттерге кеңес беріп, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар темір жол емханасының психологы Далиева Ж. ұйымдастыруымен «Қазақ қызы қандай болуы керек?» атты тренинг өткізді. І және ІІ курс студенттері белсене атсалысып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.













25 қазан 2019 ж. 464