ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Kyzylorda Business Hub" жобасы

"Kyzylorda Business Hub" жобасы

2019 жылдың 1-2 қазан күндері Қазалы ауданындық мәдениет үйінде   "Kyzylorda Business Hub" жобасының Қазалы ауданында іріктеуі өткізілді. Шараны облысымызға белгілі мамандар ұйымдастырып, Қазалы ауданындағы кәсіпкерлік бөлімі мен Кәсіпкерлік палатасынан мамандар қатысты. Шараны аудан әкімі Ергешбаев Мұрат ашып, сөз сөйлеп, жастарға сәттілік  тіледі. Алғашқы күні кәсіпкерлікке байланысты оқыту жүргізіліп, әрі қарай канвас бизнес моделіне жобаларды салу тәсілдері көрсетіліп, ментордан қаржылық емес көмек көрсетілді. Келесі күні барлығы 23 жоба өз бақтарын сынап, қараша айында өткізілетін " бизнес лагерге" жолдама алды, ал үздік шыққан үш жоба қаржылай сыйақымен марапатталды. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінен 20 ға жуық студент қатысып, 4 жоба ұсынылып, нәтижесінде лагерге жолдама, 3 орын иеленді. Барлық ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдіре отырып,  алдағы уақытта көптеп ұйымдастырылса деген тілек, ниет білдіреміз!
3 орын иеленген жеңімпаз жобаның жетекшісі: Құсан Еркін
Орындаушы, жоба тапсырушы : Зауқымова Асыл, Ахмет Нұрисламбекжан


01 қазан 2019 ж. 419