ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ"

"Саналы ұрпақ-жарқын болашақ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 қыркүйек Білім күніне орай "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Болатбек Әбиұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты жиынға Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов Достанұлы, ардагер ұстаз Ақниязов Молдабай және колледжішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Айтбаева Бағдат апайларымыз қатысып, 2019-2020 оқу жылымен ұстаздарды құттықтап, I курсқа қабылданған студенттерге шынайы тілектерін білдірді. Сонымен қатар жиынға келген ата-аналарға ашық есік күні жасалып, келген қонақтарға колледждің оқу кабинеттерімен, материялдық базасы таныстырылды. Жиын соңында колледж басшысы Ахметов Болатбек Әбиұлы келген қонақтарға, ата-аналарға рахметін білдірді.















01 қыркүйек 2019 ж. 1 074