ҚКТЖК » Жаңалықтар » Білікті жас маман – мәңгілік елдің қуаты

Білікті жас маман – мәңгілік елдің қуаты

2019 жылдың 28 маусым күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Білікті жас маман – мәңгілік елдің қуаты» салатанатты диплом тапсыру кеші өткізілді. Кештің шымылдырығын мың бұралған бишілер ашып, әсем әндер орындалды. Кештің алғы сөзін колледж директоры Б. Ахметов бастап, түлектерге сәттілік тілеп, Үздік дипломмен бітіруші түлектерге диплом тапсырды. Кешке серіктес мекемелер басшылары, өкілдері, ауданымыздың белді азаматтары, ардагерлер, кәсіпкерлік бөлім өкілі, түлектердің ата-аналары қатысты.
Білім жүйесі, жер, тұрғын үй мәселесі, құқық қорғау органдары өзге де өзекті тақырыптарды қозғаған Н.Назарбаев жастарды да назардан тыс қалдырмады. 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймыз. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. 
Қазіргі уақытта колледжіміздің 3 жылдың ішінде көптеген ерен еңбектерін атап көрсетіп, ел алдына паш етуге болады. Атап айтсақ, 2018 жылы «Үздік әдістемелік қызмет-2018», «Үздік жалпы пән мұғалімі-2018 жыл»-І орын, «Үздік арнаулы пән -2019» ІІ орын, Облыстық 2019 жылғы «World Skills Kazakhstan» сайысынан ІІ және ІІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі барлық мамандықтар бойынша 5 жылдық ұлттық аккредиттеуден өткендігі колледж биылғы студенттердіңде еңбегі. .
Колледжімізде 3 жыл бойы оқып, белсенділігімен, үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен көзге түсе біліп, сол еңбегі зая кетпей үздік дипломмен марапатталған түлектерге өздерінен кейінгі ізбасарларына биылғы колледж бітірушілер атынан №66 топ студенті Қадірбек Ақтілек пен №68 топ студенті Арыстанова Жайна аманаттарын №80 топ студенті Бекетов Рабат мен №78 топ студенті Абилтаева Құндыз тапсырды.
Ауданымыздың құрметті азаматы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оразғали Достанұлы бітіруші түлектерге игі тілегін білдіріп, батасын берді.
Айта кетейік биылғы оқу жылында өмірден өз жолдарын табуға ұмтылған 256 жас түлек 11 мамандық бойынша бітіріп отыр, оның 15-і үздік дипломмен бітіруші түлек. Олар №66 топ студенті - Кәдірбек Ақтілек Әділбекұлы, №68 топ студенті - Арыстанова Жайна Қайратқызы, №10 топ студенттері - Ахмедияров Диас Ахмедиярұлы, №9 топ студенті - Яхия Мерует Қолдасбекқызы, №66 топ студенті - Кулназаров Жолдасбек Едігеұлы, №11 топ студенті - Мамай Жадыра Әділқызы, №66 топ студенті - Рысбек Шыңғыс Рысбекұлы, №69 топ студенті - Созақ Жұлдызай Нұржанқызы, №11 топ студенті - Рахманбердиев Гасыр Асылбекович, №9 топ студенті - Жалғасбекова Ләззат Бағдатқызы, №66 топ студенті - Таждаулет Нұрлыбек, №68 топ студенті - Отанова Айгүл Әлібайқызы, №10 топ студенті - Болат Жамбыл Болатұлы, №9 топ студенті - Арыстанова Нурдана Кайраткызы, №11 топ студенті -Кежденбек Әйгерім Жанұзаққызы, №68 топ студенті - Ермекова Аружан Дастенқызы
Сапарлары сәтті болсын деген ниетпен «Қоштасу» әнімен кеш өз мәресіне жетті.












28 маусым 2019 ж. 697