Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында облыстық «Үздік экономист» байқауы көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде өткізілді. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің экономика пәнінің оқытушысы Медеубаева Айнұрдың жетекшілігімен байқауға қатысқан №12 топтың студенті Хайрулла Ғазиза жүлделі ІІІ орынды иеленді.