ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
2019 жылдың 20 наурыз күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті жастар комитетіні «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласына сүйініп дайындалған арнайы көрініспен ашып, әрі қарай Аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлы сөз сөйлеп, қонақтарға, колледж әкімшілігіне өз алғысын білдіріп, Наурыз мерекесімен құттықтады. Кеште қыз ұзату, келін түсіру көріністері көрсетіліп, қызметкерлерден құралған әжелер ансамбілі ән салып, Қыдыр Ата келіп, ақ батасын берді. Мерекелік кеш барысында колледж ауласында алтыбақан, күйіз үй құрылып, Қазақтың ұлтық ойындары ойнатылып, Этноауыл бейнесі жасалып, жаппай нан, наурызкөже сынды ұлттық астарымыз пісіріліп, қызметкерлермен, студенттерге, қонақтарға ұсынылды. Сонымен бірге колледж ауласында колледж студенттерінің қолдарынан жасалынған халық тұтынатын бұйымдар көрмесі көрсетілді. Шара соңында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғалимен колледж директоры, жастар жанашыры Ахметов Болатбек сөз сөйлеп, қызметкерлермен студенттер арасындағы жылдың үздіктерін марапаттап, ақ тілектерін білдірді.