«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»

Кештің мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау. Студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Кешке студенттердің аналары, әжелері, жеңгелері, әпкелері қатысты. Топтың студенттері өз өнерлерін көрсетті. Студенттермен қатар, топ жетекшісі Л.Түктібаева мен өндірістік оқу шебері А.Ахметова мерекелік тілектерін әнмен жолдады.








