ҚКТЖК » Жаңалықтар » «WorldSkills College-2019»

«WorldSkills College-2019»

Колледжімізде Қызылорда облысы Білім басқармасының 19.12.2018 жылғы 04-4/6269 хатын басшылыққа ала отырып «WorldSkills College-2019» колледжішілік байқауына мамандық бойынша құзіреттіліктерді анықтап, «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының облыстық кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатында 16 ақпан күні коледжішілік байқауы болып өтті. Байқауды, облыстық оқу орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Б.Дүрманов, Қазалы аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Е.Аймаханов және колледж директоры Б.Ахметов ашып берді. Байқау 9 құзіреттілік бойынша өтті. Байқауда І орын алған студенттерге: «Кондитер ісі» құзіреттілігі бойынша Садықова Арайлым Аралбайқызы, «Аспазшы ісі» құзіреттілігі бойынша Медеу Арайлым Мергенбайқызы, «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша Жақсыбай Аружан Қазиқызы, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша Кемал Мұқасан Файзоллаұлы, «Слесарлық іс» құзіреттілігі бойынша Кулназар Жолдасбек Едігеұлы, «Токарьлық жұмыстары» құзіреттілігі бойынша Рахат Ақниет Мейрамбекұлы, «Электромонтаж» құзіреттілігі бойынша Әбдіқанов Асылан Әбдімұратұлы, «Дәнекерлеу (псіру)технологиясы» Қасқырбай Серік Қасқырбайұлы, «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша Рахманбердиев Ғасыр Асылбекұлы, Сыдық Салауат Ғанибекұлына облыстық чемпионатқа жолдама берілді. 










16 ақпан 2019 ж. 1 416