ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Колледж аруы -2019» қыз сыны байқауы

«Колледж аруы -2019» қыз сыны байқауы

27.02.2019ж. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Колледж аруы -2019» қыз сыны байқауы болып өтті. 
«Колледж аруы-2019» қыз сыны байқауына: 
№78 «Тасымалдау құжаттарының операторы » тобының арулары Гүлжайна Темірбаева,
Перизат Ақмырза.
№88 «Жол бригадирі» тобының аруы Сымбат Сәдірхан
№85 «Станция кезекшісі» тобының аруы Жібек Нағашыбай
№76 «Кондитер» тобының аруы Жансая Нағыметуллақызы
№75 «ЭЕМ баптаушы оператор» тобының аруы Гүлжан Нағашыбай
№73 «Көркемдеу,әсемдеу жұмыстарын орындаушы» тобының аруы Аружан Жақсыбай.
№13 «Ақпаратты қорғау технигі » тобының  аруы Үміт Әшімова қатысты
Сайыс бағдарламасы 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең –Таныстыру /2-5 минут/
2 кезең –«Өнерім –менің өрісім»/3-4 минут/
3 кезең –«Қыздың сәні қос бұрым »/2-3 минут/
4 кезең-«Зерделі екен бұрымды »/1 минут әр талапкерге/
Байқаудың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы » тобының аруы
Перизат Ақмырза.
І орын - №13 «Ақпаратты қорғау технигі » тобының  аруы Үміт Әшімова 
ІІ орын - №76 «Кондитер» тобының аруы Жансая Нағыметуллақызы
ІІІ орын - №85 «Станция кезекшісі» Жібек Нағашыбай иеленді.
Гүлжайна Темірбаеваға «Зерделі ару, Сымбат Сәдірханға «Бұрымды ару»,
Гүлжан Нағашыбайға  «Көрермен көзайымы», Аружан Жақсыбайға «Шебер ару» номинациялары берілді.
Колледж директоры Б.Ахметов кеш соңын қортындылап жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттай отырып,жыл бойы үздіктер қатарынан көрінген студент қыздардың аналарын құрмет грамотасымен марапаттады. 










28 ақпан 2019 ж. 1 099