ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Білікті білім жинап кәсіп етер, Білімді дәмін татып, өсіп - өнер»

«Білікті білім жинап кәсіп етер, Білімді дәмін татып, өсіп - өнер»

25.02-02.03 күндері аралығында «Білікті маман - ел болашағы» атты оқу-өндіріс шеберлерінің апталығының алғашқы күні «Білікті білім жинап кәсіп етер, Білімді дәмін татып, өсіп -өнер» атты іс-шарасы болып өтті. Сайысқа №78, №85 топ студенттері қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең - мамандықтар туралы қысқаша мәлімет. Екінші кезең - студенттер білімін онлайн тест арқылы зерделеу. Үшінші кезең – бейне сұрақтар. Қатысқан «Станция кезекшісі» және «Тауар кассирі» топтары өз білімдерін көрсете білді. №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» топ студенті Темірбаева Гүлжайна үнді биін билеп, Хабибуллаева Эльвира және Кеңес Асылзат «Ұстазым» әнін орындады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған «Станция кезекшісі» тобына алғыс хат берілді. Іс-шараны директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Нұралы қортындылады.





25 ақпан 2019 ж. 693