ҚКТЖК » Жаңалықтар » Қыздар футбол лигасы

Қыздар футбол лигасы


16-17 ақпан күндері Қызылорда қаласында облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушы қыздары арасында футбол лигасының облыстық іріктеу жарысы болып өтті. Жарысқа дене шынықтыру пәнінің оқытушылары А.Мендалиева және С.Ерғалиевтің жетекшілігімен колледждің қыздар командасы төмендегі құрамда қатысты:№75 топ студенті Жеткерген Азаткүл, №78 топ студенттері: Қожахмет Сандуғаш, Кенжебек Динара, № 85 топ студенті Амантай Арайлым, №89 топ студенттері: Елеу Рауан, Сабырбай Асел, Панабек Айжанат. Футбол жарысында колледжіміздің қыздар командасы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жүлделі I орын Дипломмен марапатталды. №85 топ студенті Амантай Арайлым «Үздік қорғаушы», №78 топ студенті Қожахмет Сандуғаш «Үздік ойыншы» Дипломымен марапатталды. Колледж директоры Б.Ә.Ахметов қыздар командасын жеңістерімен құттықтады. 










16 ақпан 2019 ж. 1 003