Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
2019 жылдың 8 ақпан күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенттері Қазалы аграрлы –техникалық колледжінде кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген «Мұқағали-поэзия Хантәңірі» атты жас ақындар мүшайрасына қатысты.Мүшайраға қатысқан Арыстанова Нұрдана I орын Дипломмен марапатталса, Жалғасбекова Ләззат және Қайролла Ғазиза Алғыс хат иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алипбаева Фариза.