ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз»

«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз»

2019 жылдың 9 қаңтаркүні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» атты колледжішілік арнайы пән оқытушыларының сайысы өткізілді. 
Сайыстың шарты:
  1. Мен ұстазбын» (ұзақтығы 5 минут).Мұнда «Презентация арқылы слайд шоу, видео ролик түрінде немесе жеке шығарма ретінде эссе жазу. Эссенің ішіне Оқытушы ... Мамандық... Қызмет... Бейімділік...жөнінде толық қамтылуымен қатар өзін-өзі таныстырып өтті.
  2. Пәні бойынша панорамалық сабақ (әр оқытушыға 15 минут уақыт беріледі). Бұл турдың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, мамандыққа бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ұнайтын сабақ тақырыбын ықшамдап, сабақ барысында қолданылатын әдіс тәсілдермен ұйымдастырылу кезеңінің тиімділігін көрсетіп,сабақтың баяндалуы мен пысықталуын   жаңа форматта көрсетуі керек . 
  3. Шығармашылық жоба қорғау (әр оқытушыға 10 минут уақыт беріледі). Бұл кезеңде әр оқытушы өз қызметінің кәсіби қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі бөлім деп қарастырамыз. Қатысушы өзінің жылдар бойғы еңбектерін шыңдайтын жұмыстарымен, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді.
Әділ-қазылар алқасының құрамында: колледж директоры  Б.Ә.Ахметов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Е.Нұралы, колледж әдіскері Г.Сәрсенбаева, өндірістік оқу шебері Л.Әдиева, арнайы пән оқытушысы М.Жакипова болды. Жарысқа арнайы пән оқытушылары: Ә.Мамбетов, А.Терекбаева, Р.Талиев, А.Нұрбек, Е.Сердалиев, А.Сартай, Л.Түктібаева, Н.Ердалиев, А.Смайлова, М.Жұбатқанова, А.Искендирова қатысты.
Әділ қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Талиев Рахымжан, 2-ші орынды Искендирова Айгүл, 3-ші орынды Жұбатқанова Малика иеленді. Сонымен қатар төмендегі оқытушыларға аталған номинациялар берілді: «Ең үздік әссе» - Сартай Айгүл, «Тәлімгер маман» - Сердалиев Ертас, «Жаңашыл маман» - Асқарбек Нұрбек, «Үздік портфолио» - Терекбаева Айнашым, «Білікті маман» - Түктібаева Лаззат, «Шығармашыл маман» Мамбетов Асет, «Кәсіби маман» Смайлова Айзат. Жеңімпаздар мен қатысушыларға колледж директорының Алғыс хаты және кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табыс етілді.







09 қаңтар 2019 ж. 1 273