«Құзіреттілік ыңғайы – білікті мамандардың сапасын арттыру құралы»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2018 жылдың 19-26 желтоқсан аралығында «Құзіреттілік ыңғайы – білікті мамандардың сапасын арттыру құралы» атты қызмет көрсету мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушыларының апталығы болып өтті. Апталықтың мақсаты: Қызмет көрсету мамандықтарының пәндерді күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін көрсету, алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу, сөйлеу мәдениетін көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен шешім қабылдай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.
Апталыққа секцияның жетекшісі Р.Орымбаева, оқытушылары: Н.Ердалиев, Р.Талиев, А.Терекбаева, Л.Түктібаева, М.Жубатканова және мамандық бойынша барлық топ студенттері қатысты. Апталық сайыстарында студенттер өз мамандықтары бойынша қойылған сұрақтар мен тапсырмалар орындау барысында, жауап беру арқылы өз білімдерін ортаға салды. Апталықты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Е.Нұралы қортындылады.