ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Рухани жаңғыру-жастар таңдауы»

«Рухани жаңғыру-жастар таңдауы»

Колледжімізде №86 «СОБ электромонтері» тобының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-жастар таңдауы» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Мемлекет көшбасшысы Н.Назарбаевтың халықтан қызу қолдау тапқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұғырнамасы төңірегінде топ студенттері А.Әбимолда, А.Зауқымова, Е.Таншабек, А.Жасарал, М.Наметовтер жырдан шашу шашып, мәнеріне келтіре өлеңдер оқыды. Топ жетекшісі Дүйсенбаева Нұргүл Серікқызы өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын бар мәнін аша отырып баяндады.



 

13 желтоқсан 2018 ж. 774